Әли Әлиев Қазақстан құрамасының толыққанды бас бапкері болады
Қазақстан Футбол Федерациясы 44 жастағы маманға 2026 жылға дейін жарамды келісімшарт ұсынбақшы. Айта кетейік, Әли Әлиев Станислав Черчесов қызметінен босатылғаннан кейін бас бапкердің қызметін уақытша атқарушы болып тағайындалған еді. Қазақстан Әлиевтің тізгінімен ӘЧ-2026 іріктеу кезеңі аясында Уэльстен (3:1) жеңіліп, Лихтенштейнді (0:2) жеңді. Әли жалпы бапкерлік мансабында Қазақстаннан бөлек, «Қызылжар», «Шахтер», «Жеңіс» және «Астана» жастар клубын жаттықтырған.
Made on
Tilda