ЭДЕГОР БІР АЙ АЛАҢҒА ШЫҚПАЙДЫ
“Арсенал” командасының капитаны , Эдегор бір ай алаңға шықпайды . 25 жастағы Норвегия ойыншысы дүйсенбі күні Австрияға қарсы өткен ойында сол жақ аяқ тобығын қайырып алып , алаңнан балтақпен шықты . Сейсенбі күні Лондон қаласына жетті , дәрігерлер жылдам қызмет көрсетті . Нәтижесінде жарақат өте ауыр емес , бірақ бірқатар ойындарға қатыса алмайтыны белгілі болды . Атап айтсақ Эдегор алдағы “Тоттенхэм” “Манчестер Сити” сияқты маңызды қарсыластармен өтетін ойында командасына көмектесе алмайды